Қырғыз Президенті Путиннің украин билігіне қарсы ұстанымын қолдады

Қырғыз Президенті Путиннің украин билігіне қарсы ұстанымын қолдады

Қырғыз Президенті Путиннің украин билігіне қарсы ұстанымын қолдады
ашық дереккөзі
50191
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесу барысында Ресей Федерациясының Донбасстың бейбіт тұрғындарын қорғау жөніндегі іс-әрекетіне қолдау білдірді. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады деп жазды turkystan.kz.
«Садыр Жапаров Минск келісімдерін бұзғаны үшін Киевтің жауапкершілігін атап өтіп, Ресей тарапының Донбасстағы бейбіт тұрғындарды қорғау жөніндегі шешімін қолдайтынын білдірді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, екі ел басшысы Украинадағы жағдайды талқылап, Ресей-Қырғызстан стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарын жан-жақты нығайтуға өзара ниет білдірді. Сондай-ақ Путин Жапаровқа принципті ортақ ұстанымы үшін алғыс айтты. Тағы оқи отырыңыз: Ресей Қазақстаннан Украинаға қарсы соғысқа қосылуды сұрады – БАҚ

Серіктес жаңалықтары