50356
Қытай Ресейдегі жағдайды пайдаланып, өз әскерін Тайваньға жіберді - БАҚ
Қытай Ресейдегі жағдайды пайдаланып, өз әскерін Тайваньға жіберді - БАҚ
Тайвань Қорғаныс министрлігі елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс аймағына 9 қытай ұшағы кіргенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша, соңғы миссияға Қытайдың сегіз J-16 жойғыш ұшағы мен бір Y-8 барлау ұшағы қатысқан. Олар Оңтүстік Қытай теңізінің жоғарғы жағындағы Тайвань бақылайтын Пратас аралдарының солтүстік-шығысындағы аумақта ұшып өткен.
«Тайваньдық жойғыш ұшақтар Қытай ұшағын хабардар ету үшін жіберілді, ал белсенділікті бақылау үшін әуе шабуылына қарсы зымырандар орналастырылды», - делінген министрлік хабарламасында.Агенттіктің хабарлауынша, Тайвань билігі Бейжің Мәскеудің әрекетін пайдаланып, аралда өз әрекеттерін жасауға тырысуы мүмкін деп қауіптенеді. Қытай өз кезегінде аралдық елдің жауынгерлік әзірлігінің жоғарылағанын сынға алды. Бір күн бұрын Бейжіңде сөйлеген Қытай Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Тан Кефэй Тайвань Қытайдың «негізгі мәселесі» екенін және ешқандай шет елдің араласуына жол бермейтінін айтты.
«Біз американдық тарапты Тайвань мәселесінің жоғары сезімталдығын мойындауға, Қытайдың ішкі істеріне араласуды және Тайвань мәселесінде отпен ойнауды тоқтатуға шақырамыз», - деді Тан.Тайваньның әкімшілік мәртебесі реттелмеген. Бұл аумақ 1949 жылы Қытайдан бөлінгенін жариялады, бірақ Бейжің оның тәуелсіздігін мойындамайды және оны ҚХР провинциясы деп санайды. Қазір аралдық мемлекет 15 елмен, оның ішінде Маршалл аралдарымен, Тувалумен, Белизбен, Никарагуамен, ал Еуропадан тек Ватиканмен ғана дипломатиялық қарым-қатынаста. 2021 жылдың қаңтарында АҚШ Тайваньмен ынтымақтастыққа қатысты ішкі шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Еске сала кетсек, қазан айының басынан бері Қытай әуе күштері Тайваньның әуе қорғанысы аймағын жаппай бұза бастады. Жеті күн ішінде армия Тайвань жағалауына 150-ге жуық әскери ұшақ жіберді.