Ресейдің әскері Киевтің орталығына беттеді (ВИДЕО)

Ресейдің әскері Киевтің орталығына беттеді (ВИДЕО)

Ресейдің әскері Киевтің орталығына беттеді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50320
Ресей әскерилері Киевтің орталығына қарай беттеп барады деп хабарлады turkystan.kz РБК-ге сілтеме жасап. Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Анна Малярдың айтуынша, Киевке әуелі Ресей армиясының диверсиялық топтары келген. Енді әскердің соңынан Ресей техникасының колоннасы еріп келеді. Бұл топтардың басты мақсаты – Украина Президенті Владимир Зеленскийді қолға түсіру. Ал қазір Украина Қарулы күштері Иванков және Дымер аудандарында кескілескен шайқас өткізіп жатыр. Олар жауды Тетерев өзені жағасында тоқтатқан. Украина Қарулы күштері бас штабының мәлімдеуінше, бүгін түнде қорғаныс күштері Ресей басқыншылар тобының шабуылдарына қарсылық көрсетуді жалғастырған.

Серіктес жаңалықтары