50463
Ресей Премьер-министрі елордаға келді
Ресей Премьер-министрі елордаға келді
Премьер-министр Михаил Мишустин бастаған Ресей делегациясы Нұр-Сұлтанға ұшып келді деп хабарлады turkystan.kz.
Делегацияны Премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды. Содан кейін ол санитария нормаларына сәйкес толық құраммен бірге коронавирусқа қарсы ПТР-сынамасын тапсырды.
Еске сала кетсек, Ресей Премьер-министрі 24-25 ақпанда Нұр-Сұлтанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына қатысады. Бұл іс-шараға Армения, Қырғызстан, Қазақстан, Беларусь Үкіметтерінің басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысады.