Халықпен кездесу жақсы нәтиже беруге тиіс

Халықпен кездесу жақсы нәтиже беруге тиіс

Халықпен кездесу жақсы нәтиже беруге тиіс
ашық дереккөзі
Мемлекет билігі мен халықтың ара­сын­да ешқандай түсініспеушілік бол­май, билік халық үшін жұмыс істеп, ха­лық билікті қолдаса, ол елдің тұтастығына зор пайдасын тигізетін бірден-бір игілікті іс бо­лары анық. Өйткені мемлекетті құрайтын – халық, ал билік – мемлекет тұтасты­ғы­ның кепілі. Осыны өз дәрежесінде жүзеге асыру үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан» идеясын жүзе­ге асыруға кірісті. Осы жылдың басында бұл жайында Пре­зи­денттің өзі «Жаңа Қазақстанның мақсаты – аза­мат­тардың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақ­ты­ғын жою, жұмыс орындарын ашу және инфляция­ны тежеу. Біздің барлық күш-жігеріміз миллион­да­ған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағ­дайының сапасын жақсартуды қамтамасыз ету­ге бағытталған. Біз ұлттық экономиканың ашық­ты­ғы­на, келісімшарттарға қол сұғыл­май­­тынына, зияткерлік меншік құқығы сақ­та­латынына және жемқорлықпен аяусыз кү­рес жалғаса беретініне кепілдік береміз», – деген еді. Бүгінде Мемлекет басшысының бұл сөзі іс жүзінде өзінің өміршеңдігін көрсетіп жа­тыр деуге болады. Өткен жылдың соңында еліміздің Тәуелсіздік алғанының 30 жылдығы атап өтілді. Әрине, бұл кезеңде қазақ елінің сая­си-экономикалық тұрғыдан қалып­та­сып, дамуы үшін біраз жұмыстар атқарылды, дегенмен кейбір кемшіліктер болғаны да шын­дық. Ал оны жою үшін саяси тұрғыдан «Жаңа Қазақстан» идеясын жүзеге асырудың маңызы зор. Бұл орайда, кеткен кемшіліктер жөнінде Президент Қ.Тоқаевтың «Шетелдік ин­весторларға жағдай жасалып, мол қара­жатты бірінші кезекте өңдеу және банк са­­ла­ларына тартуға мүмкіндік берді. Бұл қар­­­­жы Қазақстан экономикасына тұрақ­ты­лық әкелді. Әлеуметтік бағдарланған мем­ле­кет қалыптастыруға мүмкіндік туғызды. Бі­р­ақ біз сыртқы әл-ауқаттың арқасында сырт­қы игіліктің шикізаттық лағынетке ай­­­налғанын байқамай қалдық. Біз транс­фор­­мацияда ұтқыр болған жоқпыз. Сапалы түр­лену мұндайға қарсы түрлі топтардың мүд­десімен бетпе-бет келді. Соның салдары­нан біз әртараптандырылған экономиканы құра алмадық», – деуі ел экономикасының ая­ғынан тұсаған кемшіліктерді тап басу еді. Сонымен бірге елімізде жемқорлық мә­селесі де асқынып кеткен. Бұл рет­те аталған мәселеге Мемлекет басшысы­ның арнайы тоқталғанын ескерсек, оның «Ке­леңсіздіктің бар екенін кәсіпкерлер де рас­тап отыр. Сауалнамаға қарасақ, шет ел­мен сауда жасайтын адамдардың 90 пайызы жем­қорлықпен бетпе-бет келген. Оның ішінде 45 пайызы кеденшілерге пара беруге мәжбүр болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан об­лысындағы 3 көліктік бақылау бекетін жем­қорлық әбден жайлағанын анықтады. Елімізде мұндай 49 бекет бар. Кеден және көліктік бақылау саласындағы парақорлық транзиттік әлеуетімізді толық пайдалануға мүмкіндік бермей отыр», – деген сөзі ел дамуы­ның аяғына оралғы болып жүрген үлкен бір проблеманың бетін ашады. Бүгінгі дәуірде елдің экономикалық жағ­дайының жақсаруына пайдасын ти­гізуі тиіс топтың бірі – іскерлер қауымы. Алай­да елімізде өз бизнестерін оңтайлы жүр­гізіп отырған қалталы азаматтар да хал­қымыздың әлеуметтік жағдайының кө­терілуіне мүдделі болмаса, бұл эко­но­ми­камызда кері кетушілік үдерісі тууы мүмкін. Сондықтан шеттегі капиталды елге қайтару не­месе капиталды елге қайтаруды ынта­лан­дыру, сондай-ақ оффшорға қаржы кетуіне тосқауыл қою ісі дұрыс жүргізілуі қажет. Бұл жөнінде Қазақстан президенті кәсіпкер­лермен кездесуінде бұл мәселені де назардан тыс қалдырмады. Сондықтан Мемлекет басшысының «Шетелдік инвестициялар үшін күрес шиеленіскен қазіргі жағдайда ішкі резервтерге барынша сенім артуымыз керек. Әңгіме отандық компаниялардың қара­жаты туралы болып отыр. Бола­ша­ғыңыз­ды Қазақстанмен байланыс­тыр­саңыз­дар, онда өз қаражатыңызды елге қай­та инвестициялауыңыз керек. Қазақстан ал­дындағы әлеуметтік және саяси жауапкер­ші­лігіңіз – осы. «Осында ақша табамын, бас­қа жақта жұмсаймын» деген қағидат бұдан былай болмауы керек», – деуі қазіргі кез­дегі өзекті сөздің бірі дер едік. Бәрімізге белгілі биыл жыл басында елімізде болған «Қасіретті қаңтар» оқи­ғасының да бір себебі елдің әлеуметтік жағ­дайына байланысты қордаланып қалған мәселелердің шешімін таппауынан дер едік. Сондықтан қазіргі ел билігі алдағы уақытта жо­ғарыда аталып өткен кемшіліктерді бол­дыр­мау мақсатында биліктің елмен тығыз бай­ланыста болуын қамтасыз ету жолында бір­қатар жұмыстар жүргізуде. Соның бірі – Парламент Мәжілісі депутаттарының өңір­лер­дегі халықпен кездесіп, олардың та­лап-тілектерін өз ауыздарынан естіп, қан­дай шешімін таппай жүрген пробле­ма­ларды анықтау үшін жұмыс жүргізуі. Халық қалаулыларының ол сапары елге де, билікке де нәтижелі болар деп сенеміз. Мәселен, Мәжіліс депутаттары Бек­қали Торғаев пен Артур Платонов­тар­дың осы аптада Алматы қаласына са­пары кезінде жедел медициналық көмектің ма­мандандырылған автокөлік кәсіпорнын аралап, мегаполис халқының қажетті­лік­те­рін толық қамтамасыз ету үшін қосымша он шақты қосалқы станса қажет екеніне көз жеткізді. Ал Атырау облысына сапар шеккен ха­лық қалаулылары Нұрлыбек Ожаев, Дүй­сен­бай Тұрғанов, Сәлімжан Нақпаевтар «Хи­мик-Атырау» бау-бақша қоғамы елді меке­ні­­нің тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ Мә­жіліс депутаттарының Ақтөбе об­лы­сын­дағы кездесуінде ана мен бала мәселесі тал­­қыланды және жергілікті халықпен әлеу­­меттік ахуалды оңалтуға қатысты қор­да­ланған проблемаларды шешу жолдары тал­қыланды. Медицина қызметкерлері де­путат­тарға дәрігерлердің әлеуметтік қор­ғалуы­ның төмендігін жеткізіп, дәрігердің қо­ғам­­дағы беделінің төмендемеуі үшін олар­­ды әлеу­мет­тік жағынан қорғауға қа­тыс­ты нақты шара­ларын анықтау қажет­тігін айтты. Ақмола облысының Қосшы қаласына барған депутаттар Мәди Елубаев пен Юлия Кучинская ондағы әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық даму барысымен танысты. Олар бір ауы­­сым­да 100 келушіні қабылдауға мүмкін­ді­гі бар жаңа емхананың құрылысымен та­нысып, объек­тілердің уақытында тап­сырылуын ба­қы­лауда ұстау қажеттігін сөз етті. Маңғыстау облысына барған Мәжіліс депутаттары Еділ Жаңбыршин мен Самат Мұсабаев экологиялық кеңес мүше­лері­мен бірге Мұнайлы ауданындағы «Қош­қар ата» ойпатында радиоактивті қал­дық­тар қоймасын залалсыздандыруға қатысты мә­селелерді талқылады. Қызылорда қаласына барған Мәжіліс депутаттары, «Ақ жол» партиясы фрак­циясының мүшелері Берік Дүй­сен­би­нов пен Ерлік Өмірғали қаңтар оқиғасына бай­ланысты күдікті деп танылып, тергеу изоля­торында қамауда отырған азаматтар­мен және олардың жақындарымен кездесті. Міне, Мәжіліс депуттарының осын­дай кездесулеріне қарап, халықтың талап-тілектері мен оларға тиісті шешілмей жат­қан түрлі мәселелер болашақта ел билі­гіне уақытылы жетіп, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс деңгейінің көтерілуіне зор пай­дасын тигізетін болады деп сенгіміз ке­леді. Дархан МЫҢБАЙ, Парламент Мәжі­лі­сінің депутаты: Бұл кездесулер бұрынғы кездесулермен салыстыр­ғанда мүлдем басқаша
– Мен қазір Түркістан облысында жүр­мін. Халықпен, зиялы қауыммен, сон­дай-ақ блогерлермен кездестім. Алда тағы да кез­десулер бар. Жалпы ел аралап, халықпен кез­де­су­ге Парламент Мәжілісінің 104 төрт де­путаты 130 кездесу ұйымдастырмақ. Өзім ауылдарда, түрлі еңбек ұжымдарымен жүз­десіп, олардың талап-тілектерімен та­ны­сып, ұсыныстарын тыңдадым. Шынын айту керек, бұл кездесулер бұ­рынғы кездесулермен салыс­тыр­­ған­да мүлдем басқаша. Халық көп проб­леманы ашық айтып жатыр. Олардың сөз­дерінен өзгерістердің болғанын қалай­ты­нын сезуге болады, әр саладағы кемші­лік­терді тізіп айтып жатқандар да бар. Түркістан облысын аралаған кезімде мек­тептің жетіспей жатқаны көп ай­тылды. Сондай-ақ балаларды оңалтуға қа­тысты да проблемалар бар екен, мәселен бір ғана Түлкібас ауданында оңалту меке­ме­сін қажет ететін 600-дей бала тіркеуде тұр екен. Олардың көбі бүгінде 38 балаға ар­налған тар жерге орналастырылған. Со­ларға арналған басқа ғимарат салынса де­ген талап-тілектер айтылды. Орын же­тіс­пе­гендіктен кезекке тұрған балалар көп. Олар­дың басым көпшілігі ерекше күтімді қа­жет ететіні анық. Сонымен бірге Түлкібас ауданынан өте­тін темір жолдың астынан жерас­ты өткелі салыну қажеттігі айтылды. Бұл мә­селеге Теміржол басқармасы назар аудар­ғаны дұрыс деп ойлаймын. Сосын бұл өлкеде суландыру мәселесі жиі айтылып жатыр. Бұрын жасал­ған суарналардың көбі қирап қалған. Бұл тау­дың баурайында орналасқан аудан үшін қиын­дық тудырары сөзсіз. Көктемде қауіп ту­дыратын бұл жағдайға байланысты ха­лық осыны шешуі тиіс Ауыл шаруашылығы министрлігіне үлкен сын айтып жатыр. Зиялы қауыммен кездескенде жемқор­лық мәселесі туралы көп сөз болды. Бір қызығы, ел ішінде басшылар тарапынан газет­терге жазылуды ұйымдастыру мә­се­лесін де жемқорлық деп санайтындар бар екен. Кейбір мектептерде жемқорлыққа қар­сы күрес агенттігіне де қоңырау соғып, «біз­ді әкімдіктен мынадай газетке зорлап жаз­дырғалы жатыр» деп шағым айтатындар бар екен. Бірақ мұны жемқорлыққа жатқызу әбес­­­тік шығар. Мемлекеттік баспасөз арқы­лы мемлекеттің істеп жатқан ісін, заңдарды, ха­лықтың әл-ауқатын көтеру бойынша істе­ліп жатқан іс-шараларды білетініміз анық қой, әйтпесе алып-қашпа сөзге сеніп қала­тын­дар көп емес пе? Жұрт ештеңе оқымаса, еш­теңе білмесе сауатсыздық мәселесі туын­дамай ма? Зиялы қауым, оның ішінде қалам­гер­лер тарапынан көтерілген мәселенің бірі кітап шығару ісіне байланысты. Олар кітаптарын шығаруға мемлекет тарапынан қам­қорлық бола бермейтініне шағым­дана­ды. Сондай-ақ жергілікті жерлердің газет­те­рі берілуі тиіс қаражаттарды басқа жақ­тан келіп игеретіндер, яғни тендерді ұтып алып, жергілікті баспасөзге қиындық туды­ра­тын жағдайлардың бар екені де айтылды. Тағы бір назар аударуға тұрарлық мә­селе – мектептерде істейтін кітап­ха­на­шыларға жалақы өте төмен төленеді екен. Педагогтар үшін көтерілген жалақы олар­ға неге көтерілмейді дегенді айтып жа­тыр. Түркістан тұрғындарын толған­дыра­тын проблеманың бірі – азық-түлік­тің қымбаттауы. Осыған байланысты олар «өзімізде өндірілетін ұнның бағасы неге қым­бат? Бидайды сыртқа экспорттамаса ұн ар­зан болмас па еді?» дегендей мәселелер кө­терілді. Мен оларға мемлекет экспорт жа­са­маса экономиканың өспейтінін, нарық за­манында бағаны мемлекет белгілей бер­мейтіні туралы түсіндіргендей болдым. Шынына келсек, қазір елдің көзі ашық қой, бәрін көріп, біліп отыр. Сон­дықтан олар тарапынан талап-тілектер негіз­сіз дей алмаймыз. Демек, депутаттардың ел аралап, халықтың мұң-мұқтажын біліп отыр­ғаны пайдалы іс дер едім.
Ерлан САИРОВ, Парламент Мәжілі­сінің депутаты: Кездесулерде көтерілген мә­се­лелерді әр­түрлі деңгейде қарастырып жатырмыз
– Мен қазір ел аралауды енді ғана баста­дым. Бір күн Өскемен қаласында болдым. «Қа­сіретті қаңтар» оқиғасы бойынша кү­дікке ілінген адамдардың туыстарымен кез­десіп, облыстық прокуратурада сол мә­се­лені талқыладық. Қазір сол азаматтардың тағ­дырына қатысты кей мәселелерді реттеу жөнінде жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мұның алдында Семей қаласында бол­дық. Онда Семей қаласының әлеу­меттік-экономикалық проблемаларын, со­нымен бірге Семей қаласындағы қоғам­дық даму мәселелерін қарастырдық. Семей қаласының қоғамдық мәселелерімен кез­десіп, олардың еліміздегі бүгін қалып­тасқан сая­си реформалар жөніндегі ой-пікірлерін тың­дадық. Сонымен бірге мынау ат төбе­лін­дей биліктегі азаматтардың Қазақ­стан­ның бүкіл байлығының барлығын иеленіп кет­кені сол кездесуге қатысқан азаматтар тара­пынан өткір сынға ұшырады. Әрине, кейбір мәселелер орталықта ше­шілсе, кейбір мәселелер жергілік­ті жерде шешілетіні белгілі. Сондықтан кез­десулерде көтерілген мәселелерді әр­түрлі деңгейде қарастырып жатырмыз. Енді осындай кездесулерге қатысу үшін Тарбағатай ауданына кетіп бара жа­тырмын. Жалпы, еліміздегі кедейшілік мәсе­лесі назар аударарлық мәселе ғой. Ол алдағы кездесулерде айтылары анық. Десек те, Президентіміздің Үкімет мүше­лері­не азаматтарымыздың көпшілігінің әлеу­меттік жағдайын арттыру бағытында жедел қадам жасауға тапсырма бергені көп мәселенің шешімін табуына үлкен әсер етері сөзсіз. Ел тарихында халықтың көп­ші­лігінің әлеуметтік жағдайының нашар­лығы Мемлекет басшысы деңгейінде алғаш рет көтерілді. Мұны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамды, азамат­тарды, халықты толғандыратын мәселе бойынша ашық, шынайы әңгімеге шақырып отыр деп түсінуіміз керек. Мәжіліс депутат­тары­ның ел аралап, халықпен кездесіп, олар­ды толғандыратын мәселелерді жұрт­тың өз аузынан тыңдауы да саяси-эко­но­микалық жағынан тиімді әрекет деп тү­сінуге болар. Егер халқымыздың басым көп­­­шілігінің әлеуметтік жағдайы төмен болса, онда еліміздің тұрақты дамуына зия­ны тиері сөзсіз.