«Автонесие құны 10 млн теңгеден асатын көлікке берілмейді» – министрлік

«Автонесие құны 10 млн теңгеден асатын көлікке берілмейді» – министрлік

«Автонесие құны 10 млн теңгеден асатын көлікке берілмейді» – министрлік
ашық дереккөзі
Елімізде жүзеге асырылғалы жатқан 4 пайыздық автонесие аясында 10 миллион теңгеге дейінгі көлікті рәсімдеуге рұқсат беріледі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев мәлімдеді деп жазды turkystan.kz.
«Бүгін таңертең интернетте жеңілдетілген автонесиенің тек белгілі бір модельдерге ғана берілетіні туралы ақпарат оқыдық. Бұл – фейк. Бағдарлама бойынша 10 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Ал алып жатқан көлік одан қымбат болса, үстінен қажетті соманы өз қалтаңыздан қосу қажет», - деді вице-министр.
Шенеуніктің айтуынша, өте қымбат көліктерге жеңілдетілген автонесие берілмейді.
«Автонесие барлық көлік модельдеріне беріледі. Бірақ Hyundai Palisade сияқты қымбат модельдер сатылады ғой. Ондай көліктерге жеңілдетілген несие берілмейді. 25 миллион теңге төлеуге жағдайы бар адамдар «темір тұлпарды» өз ақшасына алсын», - деді Марат Қарабаев.