50306
Жаңа автонесиенің шарттары белгілі болды
Жаңа автонесиенің шарттары белгілі болды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр көлік сатып алу үшін жеңілдетілген автонесиенің шарттарын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Оның айтуынша, жеңілдетілген автонесиенің жаңа бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінеді.
«Жылдық мөлшерлемесі 4 пайыз және бастапқы жарнасы 0 пайызды құрайды. Мерзімі - 7 жыл. 20 пайыз бастапқы жарна және жылдық 4 пайыз болатын қазіргі жеңілдетілген бағдарламадан айырмашылығы осында. Сегменттік көліктердің қымбат емес автомобильдер екені анық. Осылайша, 71 мың азаматымыз жаңа көлікті қолжетімді бағамен және қолжетімді несие ресурстарымен сатып ала алады», - деді Роман Скляр.