50213
Утильалымның жаңа мөлшерлемесі белгілі болды
Утильалымның жаңа мөлшерлемесі белгілі болды
Автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жарату алымы 50 пайызға дейін төмендетіледі деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.
«Атамекен» алаңында пікірталастың 4-5 раундын өткіздік. Оларды Экология, геология және табиғи ресурстар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері, сарапшылық қауымдастықтар ұйымдастырды. Нағыз сарапшылар, өтірік сарапшылар, автоөндірушілер, бәрі-бәрі қатысты. Әрине, пікір өте көп. Елімізге шетелдік ескі-құсқы көліктерді кіргізу үшін утильалымды мүлдем алып тастау мәселесі де көтерілді. Отандық машина жасау саласына нұқсан келтіруге тырысқандар да болды», - деді Роман Скляр «Хабар 24» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасы барысында.Дегенмен ол утильмалымға қатысты теңгерімді шешім қабылданғанын атап өтті.
«Автоөнеркәсіпті ынталандыру деңгейі жалпы бізге көліктің барлық түріне және құрастырылатын ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жарату алымын 50 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді ол.