Елордадағы Өзбекстан елшілігінің қызметкерлері Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне нота жолдады деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Юсуп Кабулжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, күні кеше бірқатар БАҚ-та Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова биылғы қаңтарда болған жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 18 шетелдіктің қамауға алынғанын мәлімдеген. Оның 14-і - өзбекстандық.
«Осы фактіні нақтылау үшін Өзбекстанның Нұр-Сұлтандағы елшілігі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне Өзбекстан азаматтарының қамауда отырған орындары және ол жерге әкелу себептері туралы ақпарат беруді сұрап, тиісті нота жолдады. Сондай-ақ олармен елшілік қызметкерлерінің кездесуін ұйымдастыру туралы өтініш жасалды», - деді ол.Юсуп Қабулжанов Өзбекстанның Нұр-Сұлтандағы елшілігі, сондай-ақ Алматы және Ақтаудағы бас консулдықтары Қазақстанның жер-жердегі құқық қорғау органдарының өкілдерімен тұрақты байланыста екенін атап өтті. Тағы оқи отырыңыз: 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды