2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды

2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды

2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды
ашық дереккөзі
Атыраулық полицейлер соңғы 11 жылдан бері іздеуде болған жүрген Өзбекстан Республикасының 1987 жылғы азаматын ұстады деп жазды turkystan.kz. Облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, шетелдік Атырауға ақпан айының басында келген.
«Өзбекстандыққа 2011 жылы Ресей Федерациясы федеральдық қауіпсіздік қызметі РФ Қылмыстық кодексінің 322-бабының 1-бөлігімен іздеу жариялаған болатын. Іздеуде жүрген азаматты қалалық Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері құрықтады. Күдікті Ішкі істер министрлігінің тұрақты мониторинг жүргізілетін көші-қон ақпараттық базасы арқылы анықталды», - дейді Нұрхат Оразбаев.