- өткен жылғы егіннің шикізат қорын өндірушілердің қысқаруы салдарынан шикізатты сатып алу бағасының өсуі;
- әлемдік бағаларға бағдарлану;
- Қазақстанда және әлемде егіннің болмауы;
- су сатып алу құнын 0,25 АЕК-ке ұлғайту,
- импортқа тәуелділік.
Елімізде күнбағыс майы соңғы 1,3 жылда 7 есеге қымбаттаған

Елімізде күнбағыс майы соңғы 1,3 жылда 7 есеге қымбаттаған
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ел аумағында күнбағыс майын өндіру және көтерме сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді. Нәтижесінде сұйық майдың аз уақыттың ішінде еселеп қымбаттағаны анықталды деп жазды turkystan.kz orda.kz-ке сілтеме жасап.
Талдау жүргізу барысында республиканың 6 өңірінде орналасқан 8 негізгі ірі зауыттың («Май» АҚ, «Өскемен май зауыты» ЖШС, «Востоксельхозпродукт» ЖШС, «Промбаза-7» ЖШС, «Белес Агро» ЖШС, «Шымкент Май» ЖШС, «Арай» ЖШС, «Евразиян Фудс корпорэйшн» ЖШС) күнбағыс майын өндіруді жүзеге асыратыны анықталды. Ал өңірлерде күнбағыс майын көтерме сатумен 152 субъект айналысады.
2017 жылдан бастап 2020 жылғы қазанға дейінгі кезеңде күнбағыс майы бағасының өсуі байқалмайды. Ал 2020 жылғы қазаннан бастап 2021 жылға дейін майдың құны 7 есе өскен.
Бағаны көтерудің негізгі факторлары: