Марқұмның Kaspi шотынан ақша ұрлаған полицейлерге қатысты сот үкімі шықты

Марқұмның Kaspi шотынан ақша ұрлаған полицейлерге қатысты сот үкімі шықты

Марқұмның Kaspi шотынан ақша ұрлаған полицейлерге қатысты сот үкімі шықты
ашық дереккөзі
Семей қаласының №2 сотымен құқық қорғау органдарының бұрынғы төрт қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарап, полицейлерді бас бостандығынан айырды деп хабарлады turkystan.kz. 27 жастағы Руслан Қарашев 2020 жылы 11 қарашада көз жұмған болатын. Оның мәйіті тұрғын үйлердің бірінің ауласынан табылды. Марқұмның денесінде көгерген іздер мен жаралар болған. Сараптамаға сәйкес, өлімнің себебі - есірткінің артық дозасы. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары қаза тапқан азаматтың Kaspi қосымшасындағы шотынан 120 мың теңгені шешіп алып, ақшаны Семей полициясының орталық бөлімі жүргізушісінің досына жіберген. Бір жылға жуық уақыт өткен соң ШҚО Полиция департаменті қызметкерлерінің ақшаны алу фактісін растады. Сондай-ақ, ер адамның өліміне полицейлердің қатысы бар екендігі туралы негіздер мен дәлелдер жоқ екенін мәлімдеді. Соттың баспасөз қызметі үш полицейдің (С., Р., Н.) өз өкілеттіктерін асыра пайдаланды және ұрлады деп айыпталғанын, тағы біреудің (К.) көмекші болғанын хабарлады.
«Сот 2020 жылғы 11 қарашада тергеуші С., жедел уәкіл Р. және криминалист Н. жедел топтың құрамында бола отырып, оқиға орны мен мәйітті қарау кезінде жәбірленушінің ұялы телефонын алып, хаттамаға енгізбегенін анықтады. Олар өздеріне берілген билік пен лауазымдық өкілеттіктерін асыра отырып өзара сөз байласқан. Сөйтіп, жәбірленушінің қосымшасынан 120 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын ұрлады», − деп хабарлады сотта.
Прокурор полиция қызметкерлеріне 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, ал олардың көмекшісіне 5 жылға бас бостандығын шектеуді сұрады.
«Сотталушылар Н. мен Р. кінәсін тек ішінара, ал К. мен С. тағылған айыптың кінәсін толық мойындады. Сот қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша сотталушылардың үшеуіне 5 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады. Ал төртіншісі 5 жылға бас бостандығынан шектелді. Енді олар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды», − деп хабарланды сотта.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.