Мемлекеттік тіл – ұлттың болмысы

Мемлекеттік тіл – ұлттың болмысы

Мемлекеттік тіл – ұлттың болмысы
ашық дереккөзі
Мемлекеттік тіл – аса маңызды да ең өзекті мәселе. Бұл ұғымда ерекше мағына жатыр. Ол – ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор. Мемлекеттік тілдің өзектілігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында атап өткен болатын. Бұл ретте, ел Президентінің «Біздің халқымыз талай «тар жол, тайғақ кешуді», қилы заманды басынан өткерген. Қиындықтың бәрін жеңген. Кешегі қасіретті оқиға кезінде халқымыз бірлігін көрсетті. Осы құндылықты келешек ұрпаққа аманат етуіміз керек. Қазақстанның болашағы жарқын болатыны сөзсіз. Мен бұған кәміл сенемін. Біздің бір ғана Отанымыз бар. Басқа Отанымыз жоқ. Болмайды да. Еліміздің Тәуелсіздігі бәрінен қымбат» деп ерекше тоқталды. Расында да, ендігі кезекте жаңа саяси-реформалардың, «әділетті қоғамның» жаршысы ретінде бір кісідей жұмылып, Президентімізге Қазақстанның жаңа даму кезеңін құруға әркім өз саласы бойынша үлес қосуымыз керек. Осы ретте ауызбіршілік, бейбіт өмір сөздерінің мағынасына терең бойлауымыз маңызды. Мейіржан ОТЫНШИЕВ, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары