Полиция Mudarabah Capital пирамидасын құрды деген күдікке ілінген вайнер Азимжан Саидбаевты іздестіруде. Бұл туралы Алматы қаласының Полиция департаменті хабарлады деп жазды turkystan.kz.
«ҚР ҚК-нің 2-тармағы 3-бөлігінің 217-бабында («Қаржылық «инвестициялық» пирамиданы құру және оған басшылық ету») көзделген қылмысты жасады деген күдік бойынша біз Қырғызстан Республикасының тумасы, 30.09.1986 жылы туған Азимжан Саидбаевты іздестірудеміз. Бұлтартпау шарасы – күзетпен ұстау», - делінген хабарламада.Полицейлер іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір мәлімет болса, +7 (701) 758 67 60, +7 (708) 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51 телефондарына хабарлауды сұрайды. Тергеушілердің айтуынша, Саидбаев Mudarabah capital қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, компанияның ортақ иесі ретінде тұрақты түрде табыс алып отырған. Тағы оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнер Мейіржан Төребаев ұсталды Тағы оқи отырыңыз: «Қаржы пирамидасын құрды» деп айыпталған танымал вайнер халыққа үн қатты