Қызылордалықтар балаларын велосипедпен тасып жүрген әкеге ақша жинап жатыр

Қызылордалықтар балаларын велосипедпен тасып жүрген әкеге ақша жинап жатыр

Қызылордалықтар балаларын велосипедпен тасып жүрген әкеге ақша жинап жатыр
ашық дереккөзі
Қызылордалық блогер Асылхан Дүкенбаев аязды күні балаларын велосипедпен тасып жүрген әкеге көлік әперуге ақша жинау науқанын бастады деп жазды turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Жуырда әлеуметтік желілерде ер адамның күннің суығына қарамастан, балаларын велосипедпен тасып жүрген сәті түсірілген видео тараған болатын. Кадрлардан үлкен ұлының велосипедтің алдында, кішкентайы артындағы себетте бөкебайға оралған күйі тәтті ұйықтап жатқанын көруге болады. Бұл отбасының уақытша үйде тұратыны, жеке баспаналарының жоқ екені белгілі болды. Ер адам видеоға түсіп қалған сәтте балаларымен ойын алаңдарының бірінен қайтып келе жатқан. Қала тұрғынының айтуынша, басында ол автокөлік сатып алуға ақша жинағысы келгендердің көмегінен бас тартқан.
«Бізден де нашар өмір сүретіндер бар. Орташа өмір сүріп жатырмыз, аш емеспіз. Отбасымызға үлкен ықылас танытып, қамқорлық көрсеткен барлық жанашыр азаматқа алғыс айтамын», - деді ол.
Кейін Шымкент тұрғынының қызылордалыққа өз көлігін сыйға тартатыны белгілі болды.
«Көлікті шымкенттік әріптесім, КВН ойыншысы Бекжан сыйға тартатын болды. Сондықтан енді тұрғын үй сатып алуға ақша жинаймыз. Видеоны түсірген жігітке де сыйлығымыз бар», - деді Асылхан Дүкенбаев.