Тегін пәтерді талап еткен көпбалалы аналар жолдарды жауып тастады (ВИДЕО)

Тегін пәтерді талап еткен көпбалалы аналар жолдарды жауып тастады (ВИДЕО)

Тегін пәтерді талап еткен көпбалалы аналар жолдарды жауып тастады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ақтауда көпбалалы аналар митингке шығып, бірқатар жолдарды жауып тастады. Олардың бар талабы тегін пәтер алу, деп хабарлады turkystan.kz lada-kz-ке сілтеме жасап.
«Кеше, 8 ақпанда Ақтау қаласынан жалға берілетін тұрғын үй алған Жаңаөзен қаласының 30 тұрғыны облыс әкімдігіне келіп, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне облыс әкімдігі жазған қызметтік хаттың көшірмесін талап етті. Бұл әйелдер бұған дейін де әкімдікке келіп, қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіруді талап еткен. Облыс әкімінің орынбасары бұл мәселені зерделеу үшін топ өкілдерінің қатысуымен комиссия құруды ұсынды», - деді Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері.