Алматыда өзін еркек деп таныстырған бойжеткен халықты алдап кетті

Алматыда өзін еркек деп таныстырған бойжеткен халықты алдап кетті

Алматыда өзін еркек деп таныстырған бойжеткен халықты алдап кетті
ашық дереккөзі
ҚР ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен 1997 жылы туған Б. есімді азаматша тұтқындалды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Тергеу барысында ерлер киімін киген бойжеткеннің өзін «Асан» деп таныстырып, азаматтардың сеніміне кіргені анықталды. Ол жоғары оқу орындарына түсуге грант алуға және қолжетімді баспананы рәсімдеуге көмектесуге уәде беріп, жұрттан төлем алып отырған. Сыйақы мөлшері көрсетілген «қызметке» байланысты болды, орташа есеппен 90 мыңнан 800 мың теңгеге дейін. Қазір біздің бөлімшеге 11 өтініш келіп түсті. Күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», – дейді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.
Ақшаны алғаннан кейін күдікті жасырынған. Ол бұған дейін заң бұзбаған.