Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов дүниеден өтті

Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов дүниеден өтті

Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов дүниеден өтті
ашық дереккөзі
50311
Белгілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов қайтыс болды, деп жазды turkystan.kz. Бұл жайында Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Классик жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, даңқты Әбдіжәміл ақсақал Нұрпейісов қайтыс болыпты. Иман байлығын берсін. Адамзаттың басынан өткен небір сұрапыл дәуірлерді тәнімен де, жанымен де сезінген Алып Жүрек ғасырға жақындап барып тоқтапты. Көрмеген көшесінен жарылқасын», - деп жазған Жанарбек Әшімжан.
Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданы Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында дүниеге келген. Ол - Қазақстанның халық жазушысы, XX ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагері, Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курляндия плацдармындағы шайқастарға қатысқан. Нұрпейісов - «Қан мен тер» трилогиясы, «Сең», «Соңғы парыз» және басқа да романдардың авторы.

Серіктес жаңалықтары