Алматыда жаңа туған үшем жертөледе күнелтіп жүр (ВИДЕО)

Алматыда жаңа туған үшем жертөледе күнелтіп жүр (ВИДЕО)

Алматыда жаңа туған үшем жертөледе күнелтіп жүр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматы қаласында көпбалалы отбасы жертөледе тұрып жатыр. Бұл отбасында төрт күн бұрын үшем дүниеге келген, деп хабарлады turkystan.kz. «Елге көмек» қайырымдылық қорының мүшелері үшемнің дүниеге келген үйін көрсетті. Қор мүшелерінің айтуынша, үшемнің ата-анасы көше тазалаушы болып жұмыс істейді. Отбасында 3 баласы бар, 31 қаңтарда үшем дүниеге келген.
«Басқа баратын жеріміз жоқ, көмектесіп жіберсеңіздерші, кішкене болсын. Айналайын халық, 6 балама баспана болса екен деп тілеймін», - дейді әкесі Ержан Жамбауов.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от МАҚСАТ - ЕЛГЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ! (@elge__komek)

Осы орайда, «Елге көмек» қайырымдылық қоры елден Жамбауовтардың тілегін тезірек орындау үшін шотқа қолдан келген соманы аударуды сұрады. Реквизиттер: Kaspi GOLD: 4400 4301 4997 5945, 8(707) 201-3030 (Ақтоты Д.Болатқызы)