Қарағандылық әйел күйеу баласынан ұрлаған ақшаға пәтер сатып алыпты

Қарағандылық әйел күйеу баласынан ұрлаған ақшаға пәтер сатып алыпты

Қарағандылық әйел күйеу баласынан ұрлаған ақшаға пәтер сатып алыпты
ашық дереккөзі
50277
Қарағандыда енесі күйеу баласының 2 миллион теңгеге жуық  ақшасын ұрлап, пәтер алған деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.  25 қаңтар күні Қарағанды Полиция басқармасының Михайлов бөлімшесіне 39 жастағы тұрғын шағым түсіріп, 1 962 000 теңге көлемінде қаржы ұрланғанын хабарлаған. Зардап шегуші жиған-терген ақшасын 60 жастағы енесіне берген болып шықты. Әйел ақшаның тонаушылардың қолына түскенін айтқан. Істі тергеген полицейлер ұрлықты әйелдің өзі жасағанын анықтады. Ол ақшаға пәтер сатып алған. Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары