Сұлулық байқауының жеңімпазы зәулім ғимараттан секіріп, қаза тапты

Сұлулық байқауының жеңімпазы зәулім ғимараттан секіріп, қаза тапты

Сұлулық байқауының жеңімпазы зәулім ғимараттан секіріп, қаза тапты
ашық дереккөзі
Америка Құрама Штаттарында 60 қабатты ғимараттан секірген «АҚШ аруы – 2019» жеңімпазы Чесли Крист көз жұмды, деп жазды turkystan.kz New York Post-қа сілтеме жасап. Қайғылы оқиға Нью-Йорк қаласындағы 42-көшесінің бойында орналасқан зәулім ғимараттардың бірінде болған. «АҚШ аруы» өзіне-өзі қол жұмсамас бұрын таңғы сағат 7.15-те Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялаған.  width= Сондай-ақ тәртіп сақшылары 32 жастағы Чесли Кристтің бөлмесінен соңғы хатын тапты. Онда ол барлық дүние-мүлкі мен қаржысын анасына қалдыратынын жазған. Алайда сұлулық байқауы жеңімпазының өз-өзіне қол жұмсау себебі белгісіз.