Тоқаев: Өз басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы бұлыңғыр

Тоқаев: Өз басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы бұлыңғыр

Тоқаев: Өз басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы бұлыңғыр
ашық дереккөзі
50644
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Тұңғыш Президенттің тарихи еңбек сіңіргенін ұмытпайық. Түптің түбінде, әділ және шыншыл болуымыз керек. Өткенін қаралаған халықтың болашағы жоқ. Өткен заманды жоққа шығаратын, өз басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы екіталай әрі бұлыңғыр. Кемшіліктер Америка президенттері мен Қытай басшыларында да, тіпті қазір барлығы мақтап еске алатын сингапурлық көшбасшы Ли Куан Юда да болған», - деді Президент.
Мемлекет басшысы Сингапурдың да, АҚШ-тың да, Қытайдың да халықтары мен билеуші топтары өз басшыларының қадір-қасиетін кемшіліктерден жоғары қойып, қос ұғымды ажырата білгенін айтты. Өйткені жұмыс істемейтін адамның ғана қателеспейтіні бұрыннан белгілі.
«Тұңғыш Президенттің тарихи еңбегіне құрмет көрсетейік, оның сөзсіз жетістіктері мен қадір-қасиеттерін бірінші орынға қояйық, ал болуы мүмкін жаңылыстарды еліміздің болашақ басшыларына ғибрат етіп қалдырайық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары