50339
Болат Өтемұратов қорға 10 миллиард теңге аударды
Болат Өтемұратов қорға 10 миллиард теңге аударды
Қоғам қайраткері, бизнесмен әрі меценат Болат Өтемұратов «Қазақстан халқына» қорына 10 миллиард теңге аударды, деп хабарлады turkystan.kz.
Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қорының жұмысы ашық болатынын айтқан еді.
Қорға түскен қаржы денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт мәселелерін шешуге жұмсалады. Қор жетім және басқа да дертке шалдыққан балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарының мұқтаждарына, қаза тапқан жауынгерлердің отбасыларына, құқық қорғау және арнайы органдарға, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсететін болады.