50323
«Тоқаевтың қатаң басшылығымен...»: ҚХР төрағасы қаңтар оқиғасын сөз етті
«Тоқаевтың қатаң басшылығымен...»: ҚХР төрағасы қаңтар оқиғасын сөз етті

Орталық Азия елдері мен Қытайдың дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толуына орай өткен «Орталық Азия – ҚХР» саммитінде Си Цзиньпин Қазақстандағы қаңтар оқиғасына байланысты пікірін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Жақында Қазақстандағы тәртіпсіздіктер адам өліміне және материалдық шығындарға әкелді. Қазақстанның көршісі әрі досы бола отырып, Қытай Қазақстанның зорлық-зомбылықты тоқтату және жағдайды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерін барынша қолдайды. Қытай Қазақстанға қажетті қолдау мен көмек көрсетуге дайын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатаң басшылығымен Қазақстан халқы өз елі үшін жарқын болашақ ашады деп сенемін», - деді ҚХР төрағасы.