Жас депутат өзіне қатысты «лайк қуып, хайп іздеп жүргендерге» күйінді

Жас депутат өзіне қатысты «лайк қуып, хайп іздеп жүргендерге» күйінді

Жас депутат өзіне қатысты «лайк қуып, хайп іздеп жүргендерге» күйінді
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов Instagram-дағы парақшасына өзіне қатысты жалған ақпарат тарап жатқанын жазды, деп хабарлады turkystan.kz. Айта кетсек, әлеуметтік желілерде «жас депутат Мәди Ахметов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне Алматының бір көшесін атау керектігін ұсынды» деген ақпарат тарап жатыр.
«Достар, соңғы күндері әлеуметтік желіде «өтірікті шындай, шынды Құдай ұрғандай» қылып, айтпағанды айтқызып, маған қатысты жалған ақпаратты таратып жатқандар бар. Арсыз жолмен лайк қуып, хайп іздеп, өзгеге хейт жасап, подписчик жинап, пікір көбейтіп жүргендердің бірде-бір сөзі шындыққа жанаспайды. Әр нәрсенің жөні бар, басынып, шеттен шығудың қажеті жоқ», - деді Мәди Ахметов.
Ол оқырмандарынан ақпараттың рас-өтірігін анықтап, ресми ақпаратқа сеніп, фейкке ермеуді сұрады. Бұл ретте Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес, жалған ақпарат таратқандарға 20 АЕК (58 400 теңге) сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.