50275
Бүлік кезінде 300 млн теңгенің бұйымын ұрлағандар ұсталды
Бүлік кезінде 300 млн теңгенің бұйымын ұрлағандар ұсталды

Қызылордадағы тәртіпсіздік кезінде белгісіз біреулер «Актив Ломбард» ЖШС-ін тонап, 300 миллион теңгенің алтын бұйымдарын қолды қылған. Жуырда ұрылар полиция қызметкерлерінің қолына түсті, деп жазды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қылмыстық іс «Аса ірі көлемдегі ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп жазылған полиция хабарламасында.Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.