Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс қозғалды ма?

Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс қозғалды ма?

Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс қозғалды ма?
ашық дереккөзі
Қоғамда ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбішке қатысты сұрақ көп. Осыған байланысты комитетке ресми сауал жолданды, деп жазды turkystan.kz nege.kz-ке сілтеме жасап. Ақпараттық сайт өкілдері ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевтың атына жолдаған ресми сауалда Самат Әбіштің ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылу себебін, «Мемлекетке сатқындық жасау», «билікті күшпен басып алу» бабы бойынша істі болған күдіктілерге қатысының бар-жоғын, оған қатысты қандай да бір тергеу шараларының жүргізіліп жатқандығын сұраған. Ресми сауалға ҰҚК-нің бөлімше бастығы С. Ахметқалиевтен жауап келген. Онда төрт сұрақтың біреуіне ғана жауап берілген.
«Сіздің сұрауыңызға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде С.С. Әбішке қатысты қылмыстық істер жоқ екенін хабарлаймыз. Оған қандай да бір іс жүргізу шараларын қолдану туралы ақпарат жоқ», – деп жауап берді С. Ахметқалиев.
Айта кетсек, ҰҚК-нің генерал-лейтенанты биылғы 17 қаңтарда қызметінен босатылған болатын. Бірақ оның себебі айтылған жоқ.