«Біз, керісінше, күн сайын тексеру жүргіземіз. Осындай фактілерді анықтаймыз және дүкен иелерімен осы бағаларды төмендетуге жұмыс істейміз», - деп жауап берді Алтай Рахымбетов. «Түрксіб ауданында заңбұзушылық жоқ деп айтқыңыз келе ме, яғни аудан әкімі жұмыс істемей ме?» - деп сұрады Алматы әкімі. «Жоқ, олай емес. Күн сайын мониторинг жүргізіліп отыратынын айтқым келген», - деді Алтай Рахымбетов. «Егер күн сайын мониторинг жасасаңыз, онда заңбұзушылықтар болмауы керек. Бақылауға алыңыздар, ондай мүмкін емес», - деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Сағынтаев Бостандық ауданының әкімін сынға алды
 
								
                                                                                                Сағынтаев Бостандық ауданының әкімін сынға алды
                                                                                                                                Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев азық-түлік бағасының өсуіне жол берген Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетовты сынады, деп жазды turkystan.kz.
24 қаңтарда дүйсенбі күнгі таңертеңгі жиналыста мегаполис басшысы азық-түлік бағасы өскеніне назар аударды. Өткен аптадағы есепте Сағынтаев Бостандық ауданында осындай 21 заңбұзушылық, ал Түрксіб ауданында бірде-бір заңбұзушылық анықталмағанын айтты. Ол аудан әкімі Алтай Рахымбетовтен мұндай жағдай қалай болуы мүмкін екенін түсіндіруді сұрады.
                        
                        
                     
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        