«Қазақстан халқына» қорына 150 млрд теңге түсуі мүмкін

«Қазақстан халқына» қорына 150 млрд теңге түсуі мүмкін

«Қазақстан халқына» қорына 150 млрд теңге түсуі мүмкін
ашық дереккөзі
50232
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев алдағы жұмыс жоспары мен қордың міндеттерін атап айтты, деп жазды turkystan.kz. Басқарма төрағасының айтуынша, «Қазақстан халқына» қоры барлық мәселелерді шешуге жетпейді. Сондықтан ең алдымен басымдықтарды анықтау керек. Қамқоршылық кеңестің ұйымдастыру отырысында қор қызметінің тұжырымдамасын әзірлеу, барлық тетіктерді пысықтау туралы шешім қабылданған.
«Жұмыс тобы аясында қайырымдылық ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, осы мәселелер бойынша талқылаулар өтті. Көптеген адамдар серіктес таңдауда өте мұқият болу керектігін  айтады. Шын мәнінде, тәжірибесі бар және беделін айқындаған серіктестермен жұмыс істеу керек. Біздің ірі және орта кәсіпорындардың салық табысына қарайтын болсақ, қорда кем дегенде 100 миллиард теңге болуға тиіс. Осы сомаға екінші деңгейдегі тағы 50 миллиардты қоссақ,  бұл қаражат 150 миллиард теңгеге жетуі мүмкін. Біз осылай бірінші кезектегі міндеттерді құруымыз керек», – деді Болат Жәмішев.
Қор халықтың қандай да бір топтары мемлекет пен жеке бизнес ұсынбайтын қызметтерге мұқтаж болған жағдайларда денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт саласында қайырымдылық көмек көрсететін болады. Сондай-ақ, қор еліміздің тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, қор балалар үшін спорт объектілерінің және өзге де әлеуметтік маңызы бар көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысады.

Серіктес жаңалықтары