Шавкат алғаш рет UFC-дің бас кардында жұдырықтасады

Шавкат алғаш рет UFC-дің бас кардында жұдырықтасады
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (14-0) 5 ақпанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Fight Night 200 турнирінде гайаналық Карлстон Харриске (17-4) қарсы шығады. Бұл жекпе-жек турнирдің бас кардына қосылған, деп жазды turkystan.kz.
Бұл - Рахмоновтың атақты промоушендегі үшінші, ал басты кардтағы бірінші жекпе-жегі.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшы алдын ала кардтың екі жекпе-жегінде тәжірибелі бразилиялық Алекс Оливейра мен Мишель Празересті тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.
Ал Карлстон Харрис UFC-де екі жекпе-жек өткізген. Ол қарсыластарын бірінші раундта нокаутпен сұлатқан.