Мұзойыққа секірген әйел балаларының көзінше батып кетті (ВИДЕО)

Мұзойыққа секірген әйел балаларының көзінше батып кетті (ВИДЕО)

Мұзойыққа секірген әйел балаларының көзінше батып кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ресейдің Ленинград облысында арнайы жабдықталмаған мұзойыққа шомылу кезінде жергілікті тұрғын қаза тапты. Қайғылы оқиға Выра елді мекенінің жанындағы Оредеж өзенінде болған, деп жазды turkystan.kz. Куәгерлердің түсірген кадрлардан әйелдің ойыққа секіріп, бірден су астында жоғалып кететінін көруге болады. Бірер секундтан кейін оның туыстары көмектесу үшін суға сүңгігенімен, іздеу еш нәтиже бермейді. Қайғылы оқиғаға зардап шегушінің балалары куә болған. Оқиға болған күні Бүкілресейлік құтқару қоғамының құтқарушылары Санкт-Петербург пен Ленинград облыының аумағынан ағып өтетін өзенде іздестіру шараларын жүргізді. Апаттық-құтқару қызметінің бастығы Александр Зуевтың айтуынша, Оредеж өзенінің ағысы қатты. Су ағысының жылдамдығы секундына 3 метрге дейін жетеді. «Өздеріңіз білетіндей, әйел құтқарушылар жоқ, дұрыс жарықтандырылмаған жерге шомылуға барған. Іздестіру шаралары жалғастырылуда», - деді Александр Зуев.