«Ешкім бізге жаңа мемлекет құрып бермейді!» – Сенатор

«Ешкім бізге жаңа мемлекет құрып бермейді!» – Сенатор

«Ешкім бізге жаңа мемлекет құрып бермейді!» – Сенатор
ашық дереккөзі
Депутат Нұртөре Жүсіп өзінің сауалында қоғамды толғандыратын бірқатар мәселелерді айтты. Мұның ішінде телеарналардың негізгі бағдары да бар, деп хабарлады turkystan.kz. Ол «Ел Арна» және «Тәлім ТВ» арналарын жасөспірімдер арнасына айналдыруды ұсынды. Мұндай контентті жасау қажеттілігінің маңыздылығын екі ай бұрын ел Президенті атап өткен болатын. Сондай-ақ, депутат білім беру, жастарды рухани тәрбиелеу, жасөспірімдер үшін цифрлық жобалар жасау және жұмыссыздық мәселелерін шешу салаларында бірқатар нақты мәселелерді көтерді.
«Үкімет басшысынан осы айтылғандарды және Сенат қабылдаған Ұлттық құндылықтар туралы ұсынымдар мен әлеуметтік желідегі пайдалы ұсыныстарды тезірек елекке салып, нақты іс-қимыл жоспарын жасауды сұраймын! Ешкім бізге жаңа мемлекет құрып бермейді! Бізге іргесі берік қоғам керек! Жаңарған Қазақ Елі керек! Осыны күн сайын есте ұстау керек!» - деді Сенатор.