Grammy – 2022 рәсімі өтетін күн белгілі болды

Grammy – 2022 рәсімі өтетін күн белгілі болды

Grammy – 2022 рәсімі өтетін күн белгілі болды
ашық дереккөзі
Биылғы 3 сәуірде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand Garden Arena-да Grammy – 2022 музыкалық сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді, деп жазды turkystan.kz. Оңтүстікафрикалық әзілкеш әрі актер Тревор Ноа шараға жүргізуші ретінде қатысады. Grammy апталығының басқа ресми іс-шараларының, оның ішінде премьераның, «Жыл адамы» сыйлығының күндері мен орындары туралы қосымша мәліметтер жақын арада жарияланатыны белгілі болды.
«Grammy-ді Лас-Вегасқа алғаш рет әкеліп, әлемдік деңгейде шоу өткізетінімізге қуаныштымыз. Шоудың уақыты шегерілетіні жариялаған сәттен бастап, бізге қолдау көрсеткен хабарламалар келді», - деді кіші Дыбыс жазу академиясының бас директоры Харви Мейсон.
Жыл сайынғы Grammy марапаттау рәсімі CBS Тelevision Network арнасында онлайн режимде көрсетіледі және шоуды Paramount+ стримингтік платформасынан тікелей эфирден тамашалауға болады.