Алматының орталығында қару ұстаған екі адам ұсталды

Алматының орталығында қару ұстаған екі адам ұсталды

Алматының орталығында қару ұстаған екі адам ұсталды
ашық дереккөзі
38 және 35 жастағы ер адамдар қару-жарақ дүкендерін тонаудың белсенді қатысушылары болған, деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. Оларды Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Райымбек даңғылы мен Байзақов көшесінің қиылысында ұстады. Күдіктілерден қару-жарақ дүкенінен тәртіпсіздік кезінде ұрланған SM12 steyr mannlicher austria маркалы екі аңшы мылтығы тәркіленді. Белгілі болғандай, 38 жастағы М. есімді азамат және 35 жастағы Р. есімді азаматтар - Алматы облысынан келгендер. Қару мен оқ-дәрілерді ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілер қамауға алынды.