Аспандап тұрған азық-түлік бағасы қалай ауыздықталмақ?

Аспандап тұрған азық-түлік бағасы қалай ауыздықталмақ?

Аспандап тұрған азық-түлік бағасы қалай ауыздықталмақ?
ашық дереккөзі
Ел ішіндегі жаппай тәртіпсіздіктерден кейінгі қысылтаяң шақта әлеуметтік желілер және басқа да алаңдарда жұрттың наразылық білдірген пікірлері мен шағымдары көбейе бастады. Осы орайда, Президент Үкіметке халық тұтынатын әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеуді қадап тапсырды, деп жазды turkystan.kz. Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік инфляциясын ауыздықтау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасын мемлекеттік реттеуді күшейту шаралары туралы айтты.
«Ауыл шаруашылығы министрлігімен өндіріс, тұтыну және өнімді қайта бөлу теңгеріміне толық мониторинг қамтамасыз етіледі. Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимыл аясында азық-түлік өнімдері импортын тарту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қажет болған жағдайда экспортты шектеу шаралары дер кезінде қабылданады. Қазірдің өзінде мал мен көкөніс экспорттауға тыйым салынды», - деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп шекті бағаларға қатысты тәсілдер қайта қаралған.
«Бұл бағаның одан әрі өсу қаупін болдырмайды. Жекелеген өнімдерге баға айтарлықтай өскен жағдайда монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен баға шегін әкімшілік бекіту құралы дер кезінде қолданылады», - деп қосты Бақыт Сұлтанов.