Түркістан облысында полицейлер Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысы бар қарулы қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады turkystan.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысының полицейлері бақылау-өткізу бекетінде тәртіпсіздікке қатысқан үш ер адамды ұстады.
«Алматы-Термез-Ташкент» тас жолы бойындағы «Ақтас» бекетінде Қазығұрт облыстық Полиция басқармасының қызметкерлері Тoyota көлігін ұстады. Оның ішінде Сарыағаш және Келес аудандарының 4 тұрғыны болған. Тексеру кезінде жедел уәкілдер көліктен тапанша тауып, оны тәркіледі. Факт ҚР ҚК-нің 287-бабы («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша тіркелді», - делінген хабарламада.Күдіктілер қазір қамауда, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.