Еліміздегі барлық әкімдік ғимараттары тәртіп сақшыларының бақылауына өтті, деп жазды turkystan.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі уақытта елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін 70 бақылау-өткізу бекеті бар. Соңғы мәліметке сенсек, 26 қарулы қылмыскердің көзі жойылып, 18-і жараланған.
«Төтенше жағдай режимі аясында республиканың барлық аумағында іс-шаралар жүргізілуде. Барлық әкімдіктер шерушілерден босатылып, күшейтілген қорғауға алынды», - делінген хабарламада.Алматыда құқық қорғау органдарының күштері, қарулы және оларға қарасты күштер қоғамдық тәртіпті, стратегиялық маңызы бар нысандарды қорғауды, көшелерді тазалауды жалғастырып жатыр.