«Газдың бағасына көңілі толмағандар автобуспен жүрсін» - министрдің кеңесшісі (ВИДЕО)

«Газдың бағасына көңілі толмағандар автобуспен жүрсін» - министрдің кеңесшісі (ВИДЕО)

«Газдың бағасына көңілі толмағандар автобуспен жүрсін» - министрдің кеңесшісі (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Мұнай жөніндегі аздаған сарапшылардың бірі, Энергетика министрінің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Байділдинов автокөлік газының бағасына қатысты пікір білдіріп, оның қымбаттығына наразы жұртқа ұрсып тастады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бағаны нарық анықтайды. Ол табысқа тәуелді емес. Адамдар газдың бағасына көңілі толмаса, қоғамдық көлікті пайдалансын. Бұл енді проблема емес шығар?» - деді Олжас Байділдинов.
Айта кетсек, бүгін ОКҚ-да өткен брифингте елімізде газдың бағасы арзан, ал Еуропада бірнеше есе қымбат екені айтылды. Сарапшының пайымынша, «егер газдалған суды сұйытылған газдан қымбатқа алсақ, бұл газды судың қымбаттығын емес, сұйытылған отынның арзандығын білдіреді» екен.