Экологияға 7,2 млрд теңге зиян келтірген кәсіпкер жазадан құтылды

Экологияға 7,2 млрд теңге зиян келтірген кәсіпкер жазадан құтылды

Экологияға 7,2 млрд теңге зиян келтірген кәсіпкер жазадан құтылды
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысындағы атышулы шошқа шаруашылығының иесі Гайк Тертерянға үкім шығарылғанымен, кәсіпкер рақымшылыққа ілікті, деп жазды turkystan.kz. Бірнеше жылдан бері шаруашылықтың буферлік аймағында сою цехының қалдықтары мен басқа да қоқыстар көміліп келген. Ауыл іргесіне шошқа қалдықтары төгіліп, одан қалды ішек-қарын мен сүйектері жақын маңдағы өзенге ағызылған. Осыған орай, экономикалық сот Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының қызметін қалдық су ағызғаны үшін тоқтату туралы шешім шығарған болатын. Ал кәсіпкерге 7,2 миллиард теңге айыппұл салынды. Сот үкім шығару кезінде айыпталушының жасын, жағымды сипаттамаларын және зиянды ішінара өтеуін  ескерді. Нәтижесінде компания иесі Гайк Тертерян 1,6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ сот оны Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылық жасауға байланысты жазадан босатты. Қазір сот шешімімен шошқа фермасының мүлкі экологияға келтірілген залалды өтеу үшін сатылуда. Тірі шошқаларды тезірек сату үшін олар тез бұзылатын мүлік ретінде танылды.