Мас келіншек полицейлерден таксимен қашпақ болған

Мас келіншек полицейлерден таксимен қашпақ болған

Мас келіншек полицейлерден таксимен қашпақ болған
ашық дереккөзі
Павлодарда полицейлер түнгі рейд кезінде күмәнді жүрісімен көзге түскен Hyundai автокөлігін тоқтатқан. «Темір тұлпарды» тізгіндеген әйел мас болып шықты, деп жазды turkystan.kz. Полиция тоқтатқан кезде жүрегінің ауырып тұрғанын айтқан әйел жедел жәрдем көлігін шақырады. Алайда, бұл келіншектің сылтауы болып шықты. Дәрігерлер жүргізушіні тексеріп, жағдайы жақсы екенін анықтады.
«38 жастағы әйел жеңіл дәрежеде мас болған. Ол таксиге отырып қашып кетуге тырысты. Бірақ бұған жол берілмеді. Аталмыш факті бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 608-бабына сәйкес әкімшілік материал жасалып, іс сотқа жіберілді. Сөйтіп, ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды», - деді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.
Павлодар қаласының тұрғынының жүктілік туралы анықтамасы болғандықтан, әкімшілік қамауға алынған жоқ. ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Павлодар өңірінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілері жиілеп тұр. Бүгінге дейін 123 мыңнан астам тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде, мас күйінде көлік жүргізгені үшін биыл 1462 жүргізуші ұсталып, 1169 адам жүргізуші куәлігінен айырылған.