400 елді мекен қалың қардың астында қалды

400 елді мекен қалың қардың астында қалды

400 елді мекен қалың қардың астында қалды
ашық дереккөзі
Түркияның шығысындағы Ван провинциясында жауған қалың қар салдарынан 400 елді мекен мен көлік қатынасы жабылды, деп хабарлады turkystan.kz. Өңірде арнайы техниканың көмегімен жолдарды қардан тазалау жұмыстары жалғасуда. қар Hürriyet агенттігі Қара теңіздің шығыс аймағында да қар жауатынын жазған. Трабзон, Ризе, Артвин және Гиресун провинцияларында бастауыш және орта мектептер уақытша тоқтатылды. Шығыстағы Муш провинциясындағы таулы аймақтарда қардың қалыңдығы екі метрге жетті. ақ қар Түркия мемлекеттік метеорологиялық қызметі ауа температурасының маусымдық нормадан әлдеқайда төмен екенін хабарлады.