Шал ақын ауданының тұрғындары ауыз судан тарығып отыр (ВИДЕО)

Шал ақын ауданының тұрғындары ауыз судан тарығып отыр (ВИДЕО)

Шал ақын ауданының тұрғындары ауыз судан тарығып отыр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстанда «Еңбек» бағдарламасымен Шал ақын ауданына қоныстанған  тұрғындар ішер судан тарығып отыр, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап. Аудан орталығы - Сергеевка қаласында соңғы екі жылда 40 жаңа баспана салынған.  Ол үйлерге күнгейден көшіп келген  отбасылар қоныстанған. Жергілікті әкімдік үйлердің барлығына  коммуналдық жүйелерді кіргізіп бергенімен, есептеуіш құралдарын орнатпапты. Сондықтан халық  жалпы тарифпен есептелген шығынды төлеуден  бас тартқан. Олар коммуналдық кәсіпорын суды өшіріп тастағанын айтады.  Тұрғындар судың сапасы да сын көтермейді деп ашулы. Билік өкілдерінің айтуынша,  есептеуіш құралдары жаңа жылға дейін орнатылады.  Ал тұрғындар бірнеше жыл бойы пайдаланған судың ақысын міндетті түрде өтеуі тиіс. Қарыздың жалпы көлемі 200 мың теңгеге жуық. - Біз есептеуіш құралдарын сатып алдық. Бірер күннің ішінде орнатамыз. Кейін тұрғындар судың ақысын тек пайдаланған мөлшері бойынша төлейтін болады. Бірақ осы уақытқа дейін тұтынған судың  қарызын жабу керек. Біз олармен бірнеше мәрте тілдесіп көрдік. Тұрғындар әкімдікпен ортақ ымыраға келуге үзілді-кесілді бас тартып отыр, - деді Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары Саят Омаров.