Жасөспірімдерге оқ жаудырған тоғыз күдікті құрықталды

Жасөспірімдерге оқ жаудырған тоғыз күдікті құрықталды

Жасөспірімдерге оқ жаудырған тоғыз күдікті құрықталды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында кәмелетке толмағандар зардап шеккен аса ауыр қылмысқа қатысты тоғыз күдікті ұсталды, деп жазды turkystan.kz. Облыстық Полиция департаменті күдіктілердің тұтқындалғанын хабарлады. Сонымен қатар, қылмысын мойындаған басты күдіктіден қару тәркіленді. Барлық ұсталған тоғыз адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, тергеу абақтысына жөнелтілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасуда. Айта кетсек, 15 желтоқсанда сағат 18.00 шамасында Қармақшы ауданындағы Төретам ауылында жастар тобы арасында атыс қаруы қолданылған жанжал шыққан болатын. Оқиға салдарынан аялдамада тұрған үш жасөспірім қыз оқтан жараланған. Аталған факті ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 3-бөлігі «Адам өлтіруге оқталу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Зардап шеккен оқушы қыздар ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Қыздардың бірі сол күні үйіне жіберілсе, қалған екеуі дәрігерлердің бақылауында. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.