Ауылда біреулер 3 жасөспірімге оқ жаудырды

Ауылда біреулер 3 жасөспірімге оқ жаудырды

Ауылда біреулер 3 жасөспірімге оқ жаудырды
ашық дереккөзі
Оқиға Қызылорда облысының Қармақшы ауданына қарасты Төретам ауылындағы аялдамалардың бірінде кеше сағат 18:00 шамасында болған, деп хабарлады turkystan.kz. Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқ тиіп жарақат алған балалар кәмелеттік жасқа толмаған. Олар түгел ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері қылмыстық іске қатысы бар күдіктілерді бірден қолға түсірген.
«Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 24-бабы, 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жағдайдың мән-жайы анықталуда» делінген хабарламада.