Нұр-Сұлтанда 5 көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар

Нұр-Сұлтанда 5 көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар

Нұр-Сұлтанда 5 көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар
ашық дереккөзі
Елордада жаппай жол-көлік оқиғасы орын алып, үш адам зардап шекті, деп жазды turkystan.kz елордалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. Тәртіп сақшыларының айтуынша, соңғы тәулікте елордада 76 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
«17 желтоқсан күні сағат 14.13 шамасында Audi көлігінің 34 жастағы жүргізушісі Астана - Қарағанды ​​тас жолымен келе жатқан. Ол Армандастар көшесіне түскенде арақашықтықты сақтамағандықтан алдында келе жатқан Volkswagen көлігімен соқтығысады. Салдарынан ол алдында тұрған Škoda көлігіне соғылып, оны жол шетіне шығарып жібереді. Осыдан кейін жолда келе жатқан Kia жүргізушісі рөліне ие бола алмай, жол апатына кінәлі Audi көлігіне соқтығысады. Ал ол өз кезегінде қарсы жолаққа шығып кетіп, Honda көлігімен соғылды», - дейді Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.
Нұр-Сұлтан қалалық ІІД баспасөз қызметі жүргізушілерден ауа-райының нашарлауына байланысты жолда мүмкіндігінше мұқият және абай болуды, түрлі гаджеттерге, әсіресе, ұялы телефондарға алаңдамауды сұрайды.