«Махаббат мұнарасы»

«Махаббат мұнарасы»

«Махаббат мұнарасы»
ашық дереккөзі

Ашылғанына аз уақыт өтсе де әсерлі қойылым­дарымен елдің жүрегіне жол тауып, ыстық ықыласына бөленіп үлгерген Түркістан музыкалық драма театры тағы бір көркем туындыны көрерменге ұсынбақ.

Бұл жолғы премьера Талаптан Ахмет­жа­новтың «Сұлу мен суретші» шы­ғар­масының желісі бойын­ша сахналанады. Ма­хаббат пен өнерді, адам­затқа тән асыл ұғым­дарды бір арнаға тоғыстырып, көңіл қат­парларындағы нәзік иі­рім­дерді тап ба­сып табатын қойы­лым бұрынғыдан өзге бол­мақ. Бір айта кететін нәрсе, «Алаш» әде­би сый­лығының, Вален­тин Пи­куль атында­ғы және Орал­хан Бө­кей атындағы сый­лық­тар­дың лау­реаты, жазушы-драматург Та­лап­тан Ахметжанның 60 жасқа толуы пре­­мьера­мен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл шығар­ма осыған дейін де бір­­не­ше рет сахналанған, ал Түркі­стан му­зыкалық драма театры қойы­­лымға заманауи реңк үстеп, түр­­лен­дірмек. Бұл спектакльдің басты жаңа­лығы – премьерада көрермен әлемге әйгілі Амати (Antonius Hieronymus Amati) тарихи аспабының ерекше сазын ести алады: қойы­лым­ның музыкасы осы аспаппен сүйе­­мелденеді. Оны Швейцарияның Цюрих қаласында тұратын та­лантты музыкант Эльдар Сапараев әкелген. Әлемде мұндай аспап бар болғаны үшеу-ақ. Түркістанның төрін­­­де ойналатын Амати (Antonius Hieronymus Amati) тарихи вио­лон­челі – әлемнің мәдени мұрасы. 1628 жылы жасалған, 400 жыл сақталған мұра әлем мойындаған му­зыкант Эльдар Сапараевтың орындауында асыл тастай жарқырай түспек. Қойылымның режиссері – Қа­зақстан­ның еңбек сіңір­ген қайраткері Нұр­қанат Жақыпбай. Көркемдік жетекшісі – Айнұр Көп­басарова. Қоюшы суретшісі – Қабыл Ха­лықов. Түркістан музыкалық дра­­ма театры музыкалық бөлімінің мең­­геру­шісі, бас композиторы Ха­мит Шанға­лиев спектакльге арнайы му­зыка жазған. Балетмейстер – Ма­дина Мұратпекова. Басты рөлдерді Ақбота Рахат пен Жұл­дыз Әбдікәрімова, Әділ Ахметов, Нұрқанат Жақыпбай, Түркістан музыкалық драма теат­ры­ның актерлері ойнайды. Мәңгілік ма­хаббат тақырыбын арқау еткен спек­такльдегі әуезді музыка, режис­сер­лік шешім, актерлік шеберлік ше­бер ұштасатын болады.  width= Әділ АХМЕТОВ, актер:

Бұл қойылым бұрынғыдан өзгеше

– Әр образ – өз алдына жаңа дү­­ние. Актер оның әрқайсысын нөл­­ден бастайды. Сондықтан да бұл об­­раз – тың, жаңа. Кезінде бұл рөлді сомдасам да, үлкейген, ересек сурет­шінің ойыны, психологиялық терең­дігі бөлек. Сондықтан да мұн­дай образды алғаш сомдауым десем де болады. Бұл жердегі суретшінің ішкі жан-дүниесі, ішкі кереғарлығы, се­зімі өте терең. Сондықтан да бәрін ба­сынан бастап жатырмыз. Бұл спектакльдің ерекшелігі, ең алдымен қойылымның ерекше жаб­дықталуы. Көрермен қиял әлеміне енгендей болады. Бұл жер­дегі әдемілік, сұлулық, әртүрлі декорацияны қолдану, контенттер, сахнадағы табиғи құм, су, бәрі бар. Хо­реографымыз айтқандай, бұл жер­де от қана жоқ. От та бар, ол от – ак­тер­­лердің көзінде. Ерекшелік деп бір ғана нәрсеге тоқтала алмаймын, ерек­шелік өте көп. Оны көзбен көру керек. Дайындыққа 20 күндей уа­қыт кетті. Дәл қазір бүкіл ұжым, актерлер, театр күн-түн де­мей премьераға дайындалып жа­тыр­мыз.  
 width=Жұлдыз ӘБДІКӘРІМОВА, актриса:

Мен мұны жақсылыққа жорыдым

– Рөлге кастингтен өтіп бекі­тіл­дім десем де болады. Түркістан му­зы­калық драма театры «Бөрте» спек­такліне басты рөлге кастинг жа­риялағанда, видео жіберіп, ба­ғым­ды сынадым. Сол кезде мені Бөр­тенің құрбысы Айшаның рөліне ша­қырған болатын. Бірақ өзге жо­ба­ларыммен қатар келіп қалып, бас тартуға тура келді. Енді, міне дра­ма­тург Талаптан Ахметжан ағаның «Ма­хаббат мұнарасы» қойылы­мын­да Сұлудың рөлі бұйырды. Студент кезімде колледж жа­ны­нан құрылған театр ре­жис­сері, актер, қоғам қайраткері, ұстазымыз Бәйтен Омаров атын­дағы монотеатрда қойылым қойып, тәжірибе жинақтай бастадық. Со­лардың бірі – танымал жазушы, дра­матург Дулат Исабековтің «Ал­тын тордағы тоты» (Актриса) пье­сасы. Араға бірнеше жыл салып, сах­наға қайта оралуыма септігін ти­гізіп, сенім білдірген Айнұр ха­ным басқарып отырған театр ұжы­мына алғысым шексіз. Қойылымға дайындалуға 2 ап­та уақыт берілді. Уақыт жа­қындаған сайын жауапкер­ші­ліктің салмағы сезіле бастады, аз­даған қобалжу байқалады. Бірақ халық менің «Арман» фильміндегі рөлімді жоғары бағалаған соң ба, оқырмандарымның қолдау білдіріп жазған хаттары мен пікірлері қа­нат­тандыруда. Жаратушы бойымыз­ға бір пайыз талант берсе, қалғаны еңбекпен келетін дүние ғой. Сон­дық­тан саф алтындай өнердің тұны­ғын лайламай, кіршіксіз алып шығуға күш саламын. Ұзақ уақыт үзілістен соң сах­наға қайта оралуым киелі ме­кеннің, түрленген қаланың жаңа театрынан басталғанын жақсылық­қа жорыдым. Ал қалған бағасын көрер­­меннен күтеміз.

Дайындаған Д. ЖАНАТҚЫЗЫ