Ұлттық статистика бюросының өкілдері елімізде Қазақстан, Егемен, Тәуелсіздік есімді қанша адам барын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде Казахстан, Қазақстан және Казакстан есімді 35 адам бар. Оның 9-ы Ақмола облысында, 8-і Қарағанды облысында, 5-еуі Нұр-Сұлтанда, 3-еуі Қостанай облысында және Шымкент қаласы мен Алматы, Маңғыстау облыстарында 2 адамнан тұрады. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында – 1 адамнан. Сондай-ақ Егемен есімді 6 адам бар. Олар Алматы қаласында, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында 1 адамнан тұрады. Тәуелсіздік есімді бір адам бар, ол – Қарағанды облысының тұрғыны. Елбасы есімді - 65, ал Қасым-Жомарт есімді 2 адам бар.
Жүктелуде...