Мемлекеттік Кірістер комитеті Қазақстанға Apple және Samsung фирмаларының смартфондары мен электрондық құрылғыларының ірі партиясын заңсыз кіргізбек болғандарды анықтады, деп хабарлады turkystan.kz. Жүктерді жасырын тасымалдау үшін жабдықталған құпия орыннан Iphone смартфондарының 2 134 бірлігі, Ipad планшеттерінің 124 бірлігі, Apple iWatch смарт-сағатының 451 бірлігі және тауарға ілеспе құжаттары жоқ танымал брендтердің басқа да электрондық құрылғылары табылды.
«Жүктің жалпы құны шамамен 1 млрд теңгеден асады», - деп жазылған мемлекеттік Кірістер комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Аталған факт тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін Экономикалық тергеу департаментіне берілді.