Елордадан Арқалыққа Тальго қатынайды

Елордадан Арқалыққа Тальго қатынайды

Елордадан Арқалыққа Тальго қатынайды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласынан Арқалыққа қатынайтын ескі пойыздың орнына енді Тальго жүреді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Кеше кешкісін «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша № 603 Тальго пойызы жолға шықты. Бұл пойыз күн сайын қатынайды. Айта кететін жәйт, жолда жүретін уақыты әзірге қатты өзгере қойған жоқ - 12 сағат 49 минут. Өйткені ескі пойыз тоқтаған станцияның бәрін Тальго да қамту керек», - деп жазды әлеуметтік желіде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы.
Келесі жылдың басында тағы бір (жеке) тасымалдаушы осы «Нұр-Сұлтан - Арқалық» бағыты бойынша өз пойызын шығарады. Сол кезде ҚТЖ-ның Тальгосы жылдамдықты көбейтеді деп жоспарланған.