Еліміздің үздік балуандары Нұр-Сұлтан төрінде белдеседі

Еліміздің үздік балуандары Нұр-Сұлтан төрінде белдеседі

Еліміздің үздік балуандары Нұр-Сұлтан төрінде белдеседі
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан 7-12 желтоқсан күндері аралығында күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлады turkystan.kz. Аталмыш сынға еліміздің әр өңіріндегі балуандар тас-түйін дайын. Алайда, біріншілікке қатыспайтын балуандар да бар. Бұл туралы еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері Әсет Серікбаев айтты. «Ел чемпионаты негізінен жас балуандарды іріктейтін бәсеке болмақ. Ұлттық біріншілікте еліміздің әр өңіріндегі талантты балуандар барын салады. Өз кезегінде, біз ұлттық құрамаға үміткерлерді таңдаймыз. Сөйтіп, жастарға мүмкіндік береміз», – деді бас бапкер Әсет Серікбаев. Ұлттық құрама спортшыларының арасында биылғы додаға қатыса алмайтындар бар. Олар – Нұрислам Санаев, Данияр Қайсанов және Адлан Асқаров. Егер Нұрислам Токиодағы жазғы Олимпиададан кейін демалыс алса, Данияр жарақатын емдеп жатыр. Ал Адлан жақында ауырып қалғанына байланысты чемпионаттан сырт қалмақ. Тағы бір жаңалық, Әлішер Ерғали осы чемпионатта 125 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде күреседі. Чемпионатпен бірге биылғы маусымдағы жарыстар тізбегі аяқталады. Келесі жылдың шымылдығын ашатын ресми жарыс – Азия чемпионаты. Жалпы, келесі маусымдағы басты бәсеке Қытайда өтетін Азия ойындары болмақ.